індегі сұйықтықтың қысымын ретейді
3. пластидтерОрганикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды
4. Ядро Көбеюге қатысады
5. Жасуша қабықшасыЖасуша бөлшектерін зақымданудан қорғайды
Үй тапсырмасы. 4 оқып, 4-суретті салып, тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келесіздер.
Мынадай сұрақтарға жазбаша жауап бересіздер:
1. Егер адам организміне нәруыз қажет болса қандай өсімдіктерді тамаққа көбірек пайдалану керек?
2. Крахмал йод ерітіндісінде қандай түске боялады?
3. Бидай ұнының ең жоғарғы сортына қарағанда І сорт неліктен құндырақ болып саналады?
4. Киімге тамған майдың дағы сумен қанша жуса да кетпейтінін қалай түсінуге болады?
5. Май тәрізді заттар қандай ерітінділерде ериді?
6. Сабын жасау өнеркәсібінде неге май қолданылады?
7. Гүлдер мен жемістердің аңқыған хош иісі неге байланысты?
8. Өсімдіктегі жиналған қалдық заттар қандай түрде болады?
9. Өсімдіктердегі қалдық заттар сыртқы қалай шығарылады?
Күні : 25. 09. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 7.
Сабақтың тақырыбы : Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге тән жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіектерге тән жасушалардың тіршілік әрекеттері жайлы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>