йлы ахуал мен ұйымшылдық сезімінің негізі болып табылады деген оймен, мен сабаққа кіріспес бұрын сыныпта оқушылар арасында психологиялық ахуалын құрдым. Сабақ бастамас бұрын оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір - біріне жылы дебіздерін білдірді. Оқушылар үш топқа бөлінді. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында "Цепочка" стратегиясы пайдаланылды. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ете отырып, оқу материалын оқып үйренуге, бекітуге , білік пен білім дағдысын қалыптастыруға жағдай жасады. Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар интербелсенді тақтада берілген сыни сұрақтар қойылу арқылы сыни ойлауын басшылық етіп, өздері алып шықты. Оқушылар тақырып пен бүгіггі күнгі сабақтың мақсатын анықтағтады. Оқушылар Блум таксономиясы бойынша сұрақтар дайындайды. "Бағдаршама" стратегиясы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін корсетті. Оқушылар бағдаршам арқылы өз бағаларын шығарды.
Қорыта келе,сабақ барысындағы бұл әдістер оқушының тек білімді меңгеруін ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, ойлау мен қабылдау қабілетін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін өзін- өзі бекіту, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып ауызша және жазбаша түрде сөздік қорын дамытуға бағытталды. Мұғалім оқу процесінде сабақ құрылымын мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндік. Сабақ барысындағы қолданған әдіс-тәсілдер арқылы дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік бар екенін көрдік. Мұғалімнің жеке, топтық жұмыс барысындағы жүргізген әр түрлі жұмыстары оқушының дұрыс ойлауын көзге елестету қабілетін, шығармашылығын дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталды. Ең бастысы оқушының қажеттілігін, қызығушылығын арттыруға жағдай жасалды.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>