ел құрметтейді,
Ал, байлығың болса ,қызғанышпен қарайды.
Y тапсырма. Білгенге маржан.
І топ: Шығармашылық диктант. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
тамаша, күн, бүгін, қандай
орманда, өмір , аю , сүреді.
кітапханаға ,барасың ба, сен
ІІ топ: Ребусты шеш.
ІІІ топ. Сөзжұмбақ шеш. Лепті сөйлем
Сандықтың жауабы:
Білім өміріңді жарық етеді,
Ал дүние тура жолдан тайдырады.
YІ тапсырма: Артық болмас білгенің.
Жылылықтан жаралған.
Құшағы оның - таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?!
Бұл қай ақынның өлеңі? Ф. Оңғарсынованың «Жылу» өлеңі. Бұл өлеңде қосарланып келген тыныс белгісі бар.
?! түкте түсінбеген ,сенбеген күйді көрсетеді.
Ал енді тыныс белгілерге сөз берейік. Нүкте,сұрақ, леп белгісінің әңгімесі.
Сандықтың жауабы: Білімді адам ақылды , даналы ,өмірге дұрыс көзқараспен қарайды, ал дүниесі көп адам мақтаншақ,өркөкірек болады.
- Біз кімбіз?
- Қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер ,білім көп оқып ,
Өсе берсін санамыз.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Отан туралы лепті 5 сөйлем құрастыру.
Бағалау.
Тесттік тапсырма
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді тап. :
а) хабарлы
ә) сұраулы
б) лепті
2. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
а) сұрақ белгісі (?), (. ) нүкте, ( « ») тырнақша
ә) (. ) нүкте, (,) үтір, ( «») тырнақша
б) (!) леп белгісі, (?) сұрақ белгісі, ( . ) нүкте.
3. Сөйлем нелерден құралады?
а) дыбыс
ә) буын
б) сөз .
4. Хабарлы сөйлем қалай айтылады?
а) бірқалыпты
ә) көтеріңкі
б) өкінішпен
5. Сөйлемнің құрамын анықта. . Бұл сөйлем неше сөзден тұрады?
Біздің балалардың
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>