Ашық сабақ. Лепті сөйлем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

CҚУ колледжі

Ашық сабақ
Тақырыбы:
Өткізген:Бейсенова Г. М.
Сабақтың тақырыбы Лепті сөйлем
Мақсаты:
1. Лепті сөйлем туралы мағлұмат беру,сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушылардың дүниетанымын,ой-өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге ,имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: карточкалар, карта, «Қазақстан 2030 » бағдарламасы,барыс бейнесі
Техникалық құрал: компьютер, проектор,экран .
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Формасы: ұжымдық,топтық, жеке.
Әдісі:проблемалық,репродуктивті, талдау,қорыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар ,мына сурет бойынша кім не айтады ?
- Ол барыс бейнесі « Қазақстан 2030» бағдарламасында көрдік.
- Бұл бағдарлама жөнінде не білесіңдер?
- Бағдарламада ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы айтылады. Биыл «Қазақстан 2030» даму стратегиясының 10 жылдығын тойладық.
Бұл бағдарламада Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылы Азиядағы ең бай ,білімді ,дамыған елдер қатарында болу мақсаттарын айқындап көрсеткен. Азия бөлігіндегі дамыған елдерді білгілерің келе ме?
Қытай,Жапония, Корея, Сингапур, Малайзия, Индонезия,Тайланд.
( картадан көрсету)
Осыдан 30-40 жыл бұрын Сингапур мемлекетінде 1 адамға шаққанда 1 жылғы табысы 200 доллар болса,қазір 10 есе артық. Халықтың жағдайы түзелген.
- Осы нәтижеге қалай жетті деп ойлайсыңдар ?
- Білім берудегі жоғары технонологияны ,компьютерді меңгеру арқылы жетті деп ойлаймыз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев : «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді 23 жылдан кейінгі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: