ін.
Тамшылар: Бұлттар,бұлттар ойнашы
Күркіреп,дүркіреп
Бұлттар,бұлттар ойнашы
Сіркіреп,дүркіреп.
Бұлттар: Нөсер,нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп
Сулар: Сылдыр-сылдыр сылдырлап
Су ағады сыңғырлап.
Бау-бақшаны аралап
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп,бұлттың арасынан күн шығады.
Күн: Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты
Кемпірқосақ:Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды
Көкте ,қызыл,жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар: Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер: Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға.
Жарайсындар,балалар ,міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
-Осы ай қалай деп аталады?
-Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар. Ол-ғарышкерлер мерекесі.
Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес,бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю. Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т. Әубәкіров және Т. Мусабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>