болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан. Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Кане есімізге түсірейік,кім айтады?
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын. .
Көкке ұшамын
Ұшқыр болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам-
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып-келіп жүремін.
Сергіту сәті: Бойымызды,денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар, оянайық
Сәлем қолдар, оянайық
Сәлем аяқтар, оянайық.
Ғажайып сәт:Балалар,казір бізге бір қонақ келеді. Мынау кім,балалар?
Робот:Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?
Балалар:Жер ғаламында тұрамыз.
Робот:Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады?
Робот: Балалар,мен жалғыз келген жоқпын қасымда досым бар. Ол сендерге өз өнерін көрсеткісі келіп тұр.
Орталықпен жұмыстану:
Балалар,кәне 3топқа бөлініп отырайық.
І топ шығармашылық орталығы
Геометр. пішінд. Конструкторды пайдалана
зымыранға жапсыру отырып зымыранды құрастыру.
ІІІ топ
бейнелеу орталығы
ІІ топ құрастыру орталығы
Зымыран суретін бо
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>