ріп тұрсын? Ол қандай екен? Ал, жарайсыңдар, енді шеңберге тұрып басқа планеталарды айналып тұрайықшы.
- Ал, енді не тұрмыз? Кәне тағы дүрбілерімізбен қарайық.
- Мен де роботтарды көріп тұрмын. Кәне "Роботтар" ойынын ойнайық.
- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыдар:
Солға қадам, оңға қадам
Алға қадам
Артқа қадам
Секіреміз бір рет
Отырамыз
Түзу тұрамыз
Роботтар сынды. (денелерін босатады)
- Ой, балалар, сынған роботтар енді бәрін керісінше орындайды ғой!
Мен енді роботтарды жөндеп жіберейін.
Ой балалар мен тағы бірденелерді көріп тұрған сияқтымын, бұл планеталар суреттері ғой. Кәне көрейік, сосын осы суреттерді жерге ораларда өзімізбен бірге ала кетеміз. (планеталардың суреттерін қарастырып, атауларын қайталатады)
Балалар ал сендер өздерің ғарыштан не ала кетуші едіңдер?
Балалар, біз бүгін жаңа планета ашқан сияқтымыз. Оған атау беру керек. Қалай атаймыз?
Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік! Ал біздің зымыранымыз жерге жеткенше, көзімізді жұмып, музыкалық әуен тыңдайық.
Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Белбеуімізді шешейік. Орнымыздан тұрайық. Міне балалар өз тобымызға да оралдық. Ал енді бұл жерде бізді ешқандай қауіп күтіп ұрған жоқ, сондықтан ғарышкерлердің киімін шешіп қояйық. (қимыл - қозғалыспен көрсетеді) Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық. Жақсы біз қайда барып келдік? Ал енді сол ғарышта не көрдік, не білдік соларды мүсіндеу арқылы көрсетіп, білдіруіміз керек. Ол үшін қолдарымыз бен саусақтарымызбен жаттығу жасап алайық.
Ал енді үстелге жақындап, орындарына отырып, жұмыстарыңды бастаңдар. (Тәрбиеші қадағалап жүреді, дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырады)
Қ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>