ағам - жан ағам бұрыннан да ер еді,
Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді.
2) Тоқтар ұшты ғарышқа
Талғат болды ғарышта
Таңқалдырып қазағым
Тағы ұшса ғой Марсқа.
- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек? Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады? Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?
- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? (балалардың бұлшық еттерін тексереді) Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.
- Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар! Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)
Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік.
Жұмбақ:
Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүрген аң бәріне тең
Адамзат, жан - жануар арасында
Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген. (Жер)
- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:
1. - ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
2. - ға, - ға, - ға
Біз ұштық Айға.
Ойын: "Суретті құрастыр"
- Ал енді мына жерге орналасып ойын ойнайық. Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтып отырады.
- Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан - жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз?
- Қандай планета кө
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>