Ғарыш әлемі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Айтбаева К. К
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ғарыш әлемі.

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір - ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, . Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі - Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Кіріспе сұрақтар:
- Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
- Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді, олар қандай құралдарды пайдаланады?
- Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!
- Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.
"Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді".
1. Алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин туралы түсінік беру.
2. Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев туралы әңгімелеу.
Ғарышқа ұшу ойыны:
- Балалар,Сәруар Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!

Кішкентай менің достарым!
"Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті.
Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты. Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді.
Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты. Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр".
"Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!"
-Балалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: