Ғарыш әлемі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

көзерін жұмып ғарышқа ұшады. Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады. (планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен?
Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек.
Жандандыру. Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс.
1-топ: жұмсақ қағаздан умаждап, ашық бояулармен бояп планетаның пішінін келтіреді.
2-топ: "Өсімдіктер" ағаштарды бейнелеп қиып алады.
3- топ: "Көлдегі балықтар" су. Балық жасап қиып алады.
4- топ: Ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады.
Барлығы планетаны қайта жандандырады.
-Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?
-Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын!
Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?
Аружан:
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.
Жанел:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарыш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: