Артикуляциялық жаттығуларды қолдану қажеттілігі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Артикуляциялық жаттығуларды қолдану қажеттілігі.
Жазудың ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасатыны барлығына белгілі. Сондықтан ауызша сөйлеу тілінің жеткіліксіздігі мектептегі үлгерімнің нашарлауына алып келуі мүмкін.
Артикуляциялық жаттығу-дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің (еріндер, тіл, төменгі жақ) жаттықтырылуына арналған жаттығулар.
Бала күрделі дыбыстарды с, з, ш, ж, л, рдыбыстап үйрету үшін оның еріндері және тілі күшті және иілгіш болып, қажетті қалыпты ұзақ уақыт ұстап тұруы, қиындықсыз бір қозғалыстан екіншісіне бірнеше рет ауыса алуы керек. осының барлығына үйренуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.
Артикуляциялық жаттығуларды жасаудың қажеттілігінің себептері:
1. Артикуляциялық жаттығуларды және есту қабілетін дамыту жаттығуларын дер кезінде бастау нәтижесінде кейбір балалар маманның көмегінсіз ақ таза және дұрыс сөйлеуге үйренеді.
2. Дыбысты айтудың күрделі бұзылулары бар балалар олармен логопед сабақты бастаған кезде өздерінің сөйлеу тіліндегі ақауларын неғұрлым тезірек алады. Олардың бұлшықеттері дайын болады.
3. Дыбыстарды дұрыс, бірақ түсініксіз дыбыстайтын балаларға да артикуляциялық гимнастикалар өте пайдалы. Дыбыстарды анық айтуға, жазуға үйретудің бастапқы кезеңінің негізі екенін есте сақтау қажет.
4. Артикуляциялық жаттығуларды орындау балаларға да, ересектерге де, дұрыс анық және әдемі сөйлеуге үйренуге мүмкіндік береді.
Артикуляциялық жаттығуларды қалай дұрыс орындау керек?
Алдымен "тіл туралы" көңілді әңгімелердің көмегі арқылы баланы еріндердің және тілдің негізгі қалыптарымен таныстырыңыз.
Бұл кезде бала жаттығуларды 2-3 рет қайталау керек. Содан кейін сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулар тақырыбындағы карточкаларды және суреттерді , кітапта

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: