Артикуляциялық жаттығуларды қолдану қажеттілігі

Страницы: <<  <  1 | 2

рды қолдана отырып, кем дегенде 5-6 рет баламен бірге қайталаңыз.
Карточкалар жаттығуларды тезірек меңгеруге көмектеседі.
Дауысты, тынысты және сөздерін естуді дамытуға бағытталған жаттығуларды орындау пайдалы. Бұл дұрыс дыбыстау үшін өте маңызды.
Жаттығуды жасауға ұсыныстар:
oo Жаттығуды алдымен баяу, айнаның алдында орындалады, себебі бала өз-әрекетін көріп бақылауы қажет. Бала үйренгеннен кейін айнаны алып қоюға болады. Балаға сілтеме сұрақтар қойған пайдалы. Мысалы: еріндер не істеп жатыр? Тіл не істеп жатыр? Ол қайда тұр? (жоғарыда және төменде).
oo Кейін жаттығулардың қарқынын ұлғайтуға және оларды санап орындауға болады. Дегенмен, жаттығулардың нақты және жай орындалуын қадағалаңыз. Әйтпесе, жаттығулардың мағынасы болмайды.
oo Баланың жасына және шыдамдылығына байланысты жаттығуларды 5-7 минут көлемінде, күніне 2 рет (таңертең, кешке) жасаған абзал.
oo 3-4 жастағы балалармен жұмыста олардың негізгі қозғалыстарды меңгеруіне көңіл бөліңіз.
oo 4-5 жастағы балаларға талап күшейеді: қозғалыстар неғұрлым анығырақ және жай , артық қозғалыссыз болу керек.
oo 6-7 жастағы балалар жаттығуларды жылдам қарқында орындайды және тілдің қалпын бірнеше уақыт қозғалыссыз ұстап тұра алады.
oo Сабақ барысында баланың тілі дірілдесе, аса тырысып тұрса, бір жағына қарай ауытқып кетсе және бала тілін қысқа уақытқа да қажетті қалыпта ұстап тұра алмаса, міндетті түрде логопедтің көмегіне жүгініңіз.
Дәрігер логопедтің және арнайы уақалаудың (массаж) көмегі қажет болып қалуы мүмкін.















Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: