жолдары арқылы кiруiмiзге де болады.
WinRAR iске қосылған терезеде ағымдағы бума iшiндегi файлдар және бумалар тiзiмi көрсетiледi. Қажет файлдар орналасқан бумаға кiрген соң, архивтейтiн файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгiлеймiз де, Архивке қосу (Add to archive) батырмасына шертемiз (мұны AltA пер - не - лерi немесе Командалар менюiнен "Файлдар архивке қосу" коман - дасын таңдау арқылы да iске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесiне архивтiң атын енгiземiз немесе алдын ала келiсiм бойынша берiлген атты растау қажет. Сонан соң жаңа архивтiң (RAR немесе ZIP) форматын, қы - су тәсiлiн, том көлемiн және басқа да архивтеу параметрлерiн тандауға болады. Архивтi жасау үшiн ОК батырмасын шерту қажет.
Архивтеу кезiнде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесiн кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батыр - масын басу керек. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесi жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгiленген файл күйiнде қалады.
Жасалған RAR архивiне тасымалдау арқылы басқа файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесiнде архивтi белгiлеп, оның атында Enter (немесе тышқанды екi рет шертемiз) пернесiн бассақ, RAR архивтi оқып, оның мазмұнын көрсетедi.
12. 7. Файлдарды архивтен шығарып бастапқы қалпына келтіру
WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшiн, алдымен архивтi ашып алу керек. Ол үшін - Windows ортасында архивтiк файл бел - гішесінде тышқанды екi рет шертеміз немесе Enter-дi басу (Сiлтеу - іште немесе Жұмыс столында) қажет.
WinRAR терезесi ашылған соң, архивтік файлдың мазмұны шығады. Керек файлдарды немесе буманы ерекшелеп белгiлеп алып, терезедегi Шығарып алу (Extract to. . . ) батырмасын басамыз (оны AltE пернелерi немесе Командалар менюiнен "Файлды архивтен шығару" пунк
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>