ған файлдар тiзiмi) және әр файл мәліметтерінің сақтаулы циклдiк бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбiр файл үшiн оның атрибуттары тәрiздi мынадай информациялар сақталады:
Файлдың аты, типі;
Файл орналасқан каталог (бума) туралы мағлұмат;
Файлдың соңғы өзгертiлген мерзiмi;
Архив бүтiндiгiн тексеруге арналған әр файлдың циклдiк бақылау коды.
Архиваторлар Windows жүйесіне стандартты түрде кірмейді. Оларды ком - пью - - - - тер - ге компакт-дискілерден орнатқаннан кейін, файлдар жанама (контекс - тік) менюлерінде қосымша командалар пайда болады (12. 1-сурет).
Мәлімет сығу объектiлерiне - файлдар, бумалар, дискiлер жатады.
Суретте кең қолданылатын WinZip архиваторының пайдалану интер - фей - сі көрсетілген.
WinRAR архивтiк программасын пайдалану
WinRAR - мәліметтерді сығуға және оларды басқаруға арналған Windows ортасында орнатылатын архиватор. WinRAR-дың мүмкiндiктерi:
RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
мәлiметтердi қысудың ең тиiмдi алгоритмiн пайдалану;
басқа форматтардағы (ARJ, LZH, ACE, UUE) архивтердi басқару;
стандартты және қосымша SFX модульдер көмегiмен өздiгiнен ашылатын қарапайым және бiрнеше томдық архивтер жасау;
физикалық түрде бүлiнген архивтердi қалпына келтiру;
шифрлау, түсiнiктемелер қосу, т. б.
WinRAR-ды Windows режимiнде және командалар қатарында (MS DOS) да қолдануға болады. Файлдарды архивтеу және архивтен шығару жайлы төменде айтылған. WinRAR-ды орнатқан соң, файлдарды архивтеу және қалпына келтіруді тiкелей Windows ортасында (Сiлтеуіштен немесе Жұмыс столынан) орындауға болады.
12. 7. Файлдарды архивке енгiзу
WinRAR белгiшесiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертемiз немесе бас менюдегi Iске қосу - Программалар - WinRAR
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>