гер мәліметтердi сыққанда, тек оның құрылымы ғана өзгерiске ұшыраса, онда бұл қайтымды тәсілге жатады. Мұндай тәсілде мәліметтің бастапқы нұсқасы толық қалпына келеді. Информацияны жоғалтпай сығу кез келген мәлімет түрлеріне қолданыла алады. Қайтымды тәсілмен сығылуға тән мәлімет форматтары:
. GIF, . TIF, . PCX және т. б. (графикалық мәліметтер типі үшін);
. AVI (бейне-суреттер үшiн);
. ZIP, . ARJ, . RAR, . LZH, . LH, . CAB және т. б. (мәліметтердiң кез келген түрлерi үшiн).
Қайтымды тәсілдер алгоритмi
Мәліметтердi сығу тәсілдерiн қарастырғанда, мынадай дәлелденген тұжырымдар (теоремалар) бар екенін есте сақтау қажет.
1. Кез келген мәліметтi жоғалтпай толығынан сығудың белгілі бір теориялық шегі болады, ол шектен асу мәлімет қайтымдылығын жояды.
2. Кез келген сығу алгоритмі үшiн - оның өте жақсы сыға алатын (басқа тәсілдерге қарағанда) мәліметтер тiркесiн көрсетуге болады.
3. Кез келген сығу алгоритмi үшiн - оның ешбір сыға алмайтын (сығу еш нәтиже бермейтiн) мәліметтер тiркесін де көрсетуге болады.
Сонымен сығу алгоритмдерін салыстырғанда, олардың әрқайсысы тек белгілі бір мәліметтер тіркесі үшін ғана өте тиімді жұмыс істейтіні анықталды.
Хафман алгоритмi негiзiнде символдардың кездесу жиіліктеріне қарай оларды байтпен емес, бит тобымен кодтау тәсілі жатыр.
RLE алгоритмi қайталанатын мәліметтер тiркестерiн анықтап, оларды қайталау коэффициентi мен мәліметтер коды көрсетiлген қарапайым құрылыммен ауыстыруға негiзделеді.
KWE алгоритмi (Keyword Encoding) алгоритмi бастапқы құжаттағы жиі ұшырайтын түйінді сөздерді (лексикалық бiрлiктердi) қысқартылған байттар тобымен кодтауға негiзделген. Құжатқа түйінді сөздерді кодтау кестесі бірге жазылады. Бұл тәсіл ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін ыңғайлы, орыс мәтін
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>