суреттердi (РСХ немесе ВМР тәрiздi форматтағы) қанықтылық ерекшелiктерiне қарай екi-төрт, тiптi он есеге дейiн тығыздап сығуға болады.
Архиваторлар орташа есеп бойынша файл көлемiн 10 - 70-ға дейiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi. Әдетте 20 Мб мәліметті көшiру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейiн дискет (көлемi 1,44 Мб) қажет етедi, ал архиватор көмегiмен оны бiрнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискiдегi файлдар көшiрмесiн сығылған күйде архивтiк бiр файлға орналастыруға, кейiннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. iстер атқаруға мүмкiндiк бередi. Архивтiк программалар бiр бiрiнен сығылған файлдың форматымен, жұмыс iстеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды сығу деңгейi сияқты сан түрлi мүмкiндiктермен ерекшеленеді.
Архивтеу программалары тегiн (SHAPEWARE) немесе делдалдық әдiспен сату арқылы таратылады. Windows 98/2000/NT ортасында кең таралған архиваторларға ARJ, RAR, ZIP (winarj, winrar, winzip) тәрiздi программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.
12. 2. Мәліметтердi сығудың теориялық негiздерi
Информацияны сығу сапасы (деңгейі) файл типіне және сығу тәсіліне байланысты болады да, ол сығылған мәлімет көлемінің - Vc бастапқы мәлімет көлеміне - V0 қатынасымен өрнектеліп, пайызбен () өлшенетін сығу коэффициентімен - Kc анықталады:
Кс мәні кішірейгені информацияны сығу деңгейінің артқанын көрсетеді.
Информацияны архивтеу (сығу) мәселелері оларды кодтау (мәтін символдарын кодтау кестелеріне сәйкес екілік сандармен алмастыру), шифрлау (криптография), дыбыстық және бейнелік сигналдарды түрлендіру тәсілдерімен тығыз байланысты.
Мәліметтерді сығу тәсілдерінің барлығын екі топқа бөлуге болады: информацияны жоғалтпай (қайтымды алгоритм) және информация
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>