Архивтеу туралы түсініктеме, WinRAR, WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері
Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi
Кез келген информацияның белгiлi бiр көлемi болады. Мәлімет жинақтайтын қатты дискiнiң көлемi қаншалықты үлкен болғанымен ол шектеулі, жаңа мәлiметтердi жазу кезінде дискiде орын болмай қалуы мүмкiн. Бұл мәселенi шешудiң бiрiншi жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал егер де қажет емес файлдың бәрiн жойғаннан кейiн де дискiдегi орын жеткiлiксiз болса, не iстеймiз?
Мұндай жағдайда дискiдегi орынды үнемдеп, файлдың көлемiн азайту үшiн мәлiметтердi сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы архиватор программаларды қолдану керек. Дискідегі мәліметті сығылған түрдегі архивтік файлға жазу процесі архивтеу (сығу, тығыздау) деп, ал сол файлды архивтен алу - қалпына келтіру деп аталады. Мәліметтерді сығу және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыратын программалар тобы архиваторлар болып табылады.
Информацияны архивтеу -- мәліметтің саны мен сапасын жоғалтпай, тек көлемін кішірейту арқылы түрлендіру.
Архиваторлар дискiдегi орынды үнемдеп, файлдың көлемiн кiшiрейтiп сақтауға мүмкiндiк беретiн программалар тобы. Олардың сығу тәсiлдерi әр түрлi болғанмен, жалпы қызметiн былай түсiндiруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискiде ұстаудың ешқандай қажетi жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкiндiк беретiн программалардың жалпы қызметi - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информация жазып, кейiннен оларды өз реттiлiктерiн сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтiретiн мүмкiндiктi пайдалану.
Әрине архиватордың әр алуан информациялар үшiн тиiмдiлiгi де әр түрлi болатыны өз-өзiнен түсiнiктi, мысалы, мәтiндiк файлдарды екi есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түстi
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>