Пән Информатика сынып 5 Күні 10. 12. 14 ж.
сабақ : 14
Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.
Мақсат:
Білімділік - оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.
Дамытушылық - оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Тәрбиелік - жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Бөлінген уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
2 мин
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Өткенді қайталау
7 мин.
(Сұрақ-жауап әдісі бойынша)
1) Дискілерді қалай пішімдейді?
Мойкомпьютер--Форматировать--Быстрое--Начать
2) Объектіні сыртқы тасымалдаушыға көшірудің неше жолы бар?
3 жолы бар: копировать, отправить, тышқан көмегімен жылжыту арқылы.
3) Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?
Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.
4) Корзинадағы объектілерді көру үшін не істеу керек?
Корзина қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.
5) Корзинадағы объектіні қалай қалпына келтіреді?
Объектіні белгілеп Файл-Востанови
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>