мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік - сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы - құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Құрал саймандар тақтасы
Тақырып жолы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі - біз онымен сурет салатын түс және қосымша - бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі - қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Түстер палитрасы
Жұмыс алаңы
Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.
! Түйін
Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады.
Растрлық бейнелерді Paint стандарттық программасында өңдеуге болады.
Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі - пиксель.
Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы 10 түс қосуға болады.
Дәптерлеріне керекті анықтамаларды конспектілеп отырады.
IІІ. Практикалық жұмыс.
10 мин
А деңгейі
1. Жаңа сурет салыңдар (Paint - Құру батырмасы).
2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10X15 см етіңдер.
3. Белсенд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>