Астана қаласы 29 орта мектеп КММ
Пәні: Дене шынықтыру
Сабақты тақырыбы: "Қапшық жарысы ойыны"
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Әбіш Ержан Дүйсенбайұлы
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық спорт ойындары. Қапшық жарыс ойыны.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу
В) Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру, дамыту
Сабақтың түрі - жарыс сабақ
Сабақтың әдісі - түсіндіру, сұрақ-жауап, машықтандыру, топпен жұмыс, ойын
Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырғыш, уақыт өлшегіш, қапшықтар,
Өтілетін орын: Спорт залы
Өтілу мерзімі:
Сабақтың жоспары
Кіріспе дайындық бөлімі (15 минут)
Негізгі бөлім (20 минут)
Қорытынды бөлім (5 минут)
Сабақтың барысы
1. Дайындық бөлімі -15 минут
1. 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Оқушылардың спорттық киімдерін қадағалап, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларға сабақтың қауіпсіздік ережелерін таныстырып ескерту
1. 2. Жүріспен орындалатын жаттығулар
а) Қолмен, кеудемен қимыл жасап жүру
б) Қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру
в) Қолды сермеп алға қарай және бүйірге қарай кең адымдап жүру
(оқушыларға денені, басты түзу ұстап жүруіне нұсқау жасау)
1. 3 . Жүгіруде орындалатын жаттығулар
а) Бір қалыпты баяу жүгіру
б) Адымдап секіре жүгіру
в) артпен шегіншектей жүгіру
г) Қолды белге ұстап оң және сол жақпен секір
Страницы: 1 | 2 > >>