тың ұлттық ойындары - көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын-саауықтың, дене тәрбиесінің дамуына ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да дәл осындай сипатқа ие. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды" деген.
Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойын түрлерін мынандай мақсаттарда қолданудың тиімділігі мол.
1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы дұрыс меңгерту.
2. Орфографияны ұлттық ойындар арқылы дұрыс оқыту.
3. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.
4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
5. Грамматикалық құрылымды ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
Оқушыларға оқу материалын жан-жақты терең ұғындыру үшін сабақта түрлі әдістер пайдалана білу қажет. Дұрыс қолданылған әдіс-тәсіл, ойын оқушылардың назарын аударумен қатар қызығушылығын, ынтасын да арттырады. Сондықтан тілдерді оқыту кезінде оқушыларға тақырыпты меңгерту үшін сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге қажет. "Сабақ қызықты өту үшін не істеу керек?" деген сұрақ туындайды. Ол үшін ойын тәсілдерін қолданамыз. Соның ішінде қазақ ойындарының алатын орны ерекше. Ойын ойната отырып біріншіден, оқушылар тілді үйренеді, екіншіден, қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын, мәдениетін тани баастайды. Ойын технологиясында жекелей ойындар немесе тек ойын элементтерін еңгізу мұғалімнің міндеті.
Ойынның атқаратын функциясы:
- Көңіл аулау (негізгі атқаратын міндеті - көңіл көтеру, жандандыру, қызығушылығын арттыру).
- Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.
- Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.
- Диагностикалық
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>