Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

дагогикалық үрдісте өзіндік қасиетімен ойындар келесі топтарға бөлініп, ерекшеленеді:
а) үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тіл дамытушы;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) шығармашылық, нәтижелі;
д) коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық анықтаушы;
педагогикалық ойындардың өзіне тән әдістері өте көп. Біз пайдаланып жүрген негізгі түріне мыналар жатады: пәндік, сюжеттік, рөлдік, иммитациялық, драмалық - ойын болып табылады. Пәнге байланысты ойындар мектеп тәртібіне лайықтылығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен көрініп, ойынды түрлі затпен, затсыз, бөлмедк, сыныпта, көшеде, компьютериен т. б. түрлі қозғалыс жүйелерінде айқындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып , қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын-бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арадағы қарым - қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.
Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: