Солтүстік Қазақстан облысы
"21 орта мектеп" КММ
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
"Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар"
Дайындаған: Шаяхина С. М.
2017-2018 оқу жылы
Окушыларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың көне тәсілдерінің бірі-ойын болып есептеледі. Жинақталған тәжірибені аға ұрпаққа берудің бір тәсілі-ойын арқылы беру. Оның көмегімен оқу, өмірлік проблемалар жағдаяттарын модульдеу және ойындар іс-әрекетінің нақты проблемалар мен қатынастар (экологиялық, саясаттық, әлеуметтік, экономикалық) төңірегінде жинақталуына мүмкіндік бар.
Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекетінің түрі. Ойын мезеттері кез-келген сабақта әр қилы, қызық сәттерді туғызып, эмоциялық бояу береді. Ойын барысында оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Ойын - бұл қоғамдық тәсілді меңгерту мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін - өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ойын құрылымы белгілі бір мақсатқа оқу бағдарламасындағы тараулар бойынша, көрініске, мазмұнына және т,б, байланысты өтіледі. Сонымен қоса жаттығулар мен бірізділік ойындары пән ерекшелігін көрсетіп, оны салыстыруға, негізгісін алуға, жасанды немесе табиғи құбылыстарға деген көзқарасын тудырып, өзін-өзі ұстауға, жылдамдыққа үйретеді. Ойын сюжеттері сабақтың негізгісін алуға, оқу барысын жандандыруға түрлді білім элементтерін қабылдауға әсері мол. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту - бастауыш сыныптан бастап халқымыздың мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталадыы. Қазақ тілін оқытудың ұлттық дәстүрмен сабақтастығы тіл үйренушіні өз мемлекетін сүюге, оның дәстүр- салтын құрметтей білуге игі ықпал жасайды.
Халық
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>