ірге, ізделінді құжат орналасқан сервердің атын және құжат файлының жолын көрсетеді. Интернеттегі әрбір беттің өзінің жеке URL-адресі бар. Жалпы айтқанда, бұл адрестіқ құрылымы MS DOS операциялық жүйесіндегі файлдың толық атының жазылуы тәрізді. URL стандарты Интернеттегі біртекті адрестеу жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.
1 сурет. Браузер терезесі
Өзімізге белгілі, адамдарға сандық емес, аттық адрестерді пайдалану тиімді, ыңғайлы. Бұл арқылы адам WEB беттермен жұмыс істегенде оның URL-адрестерін пайдаланатынын түсіндіруге болады. Ал керісінше, желі серверлері тек беттің IP-адрестерін ғана қолданады. Осындай беттерді алу үшін гипермәтіннің тарату хаттамалары (НТТР-Hyper Text Trasfer Protocol) жасалынған. Бұл хаттамалар, бұрыннан белгілі ТСР/ІР ретіндегі, Интернет желілерінің арасындағы өзара әсерлесуінің негізі, хаттамалар базасында жұмыс істейді. WEB-серверге ақпараттық беттердің көру программаларынан сұраулар келіп түседі. Содан кейін барып олардың URL-адрестері бойынша файлды немесе құжатты іздестіру жүргізіледі.
Мысалы: WEB-сайт беттерін іздеуге арналған ресурстардың әмбебап көрсеткіші:
http://abai. uni. sci. kz/index. htm,
мұндағы
http:// - қол жеткізу хаттамасы,
abai. uni. sci. kz - сервердің аты,
/index. htm - WEB-бет файлының жолы.
Ақпараттық беттерді көруге арналған арнайы бағдарламаларды браузерлер деп атайды. Көруге арналған бағдарлама беттен-бетке, алғашқы құжаттан кейінгі құжатқа гиперсілтеме арқылы өтуге, WEB-беттердің мазмұнын қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Электрондық пошталар сервистерін, ақпараттық жүйелер телеконференцияларын, файлдардың жіберілуін қамтамасыз етеді. Көптеп таралған көру бағдарламаларына: Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera, Mozilla Firefox және т. б. жатады. <
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>