Ақпарат қауіпсіздігінің жалпы мәселелеріне кіріспе

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

кін, оны басқа хабарлар жіберуге жабық етеді. Мұндай жағдай болмауы үшін компьютер-жіберушідегі үлкен файлды бөлшектеп, нөмірлеп, жеке ІP-қаттамаларда компьютер алушыға дейін тасымалдау керек. Компьютер-алушыда бастапқы файлды жеке бөліктерден дұрыс тізіп жинастыру қажет. Transmіssіon Control Protocol (ТСР), яғни, тасымалдау хаттамасы беру барысында файлдарды ІР-қаттамаларына бөлшектеуді, алу барысында файлдарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Маршруттандыруға жауапты ІР-қаттамасы үшін, бұл қаттамалар өзара мүлде байланысты емес. Сондықтан да, соңғы ІР-қаттама жол бойына бірінші ІР-қаттаманы басып озуы әбден мүмкін. Бұл қаттамаларды жеткізу маршруттарының өзі мүлде басқа болып қалыптасуы мүмкін. Дегенмен, ТСР хаттамасы бірінші ІР-қаттамасын күтіп алып, бастапқы файлды дұрыс ретпен жинап алады.
Іздеуді ұйымдастыру
Кез келген Іnternet желісін тұтынушыға, бәрінен бұрын, ақырсыз ақпарат парақтары тасқынында қажетті ақпаратты іздеу маңызды. Іnternet желісі өте жылдам шапшаңдылықпен өсіп келеді, жүздеген миллион Web-парақтар мен файлдардың арасынан қажет ақпаратты табу қиындап барады. Ақпаратты іздеу үшін арнайы іздеу серверлері пайдаланылады. Оларда ондаған миллион Іnternet серверлерінде сақталған Web-парақтары, файлдар тағы басқа құжаттар туралы толықтығы үлкен-кішілі ақпарат бар.
WWW жүйесінде іздеуді ұйымдастыру былай мүмкін болады:
- гипербайланыс бойынша навигация;
- адрес бойынша қарау;
- іздеу серверлерін пайдалану;
Гипербайланыс бойынша навигация Web-серверді дұрыс таңдауда болып табылады. Бұл жағдайда қажетті ақпаратқа жету сервердің ішкі гиперсілтемелері бойынша өту немесе басқа серверлерге өту есебінен іске асады.
Адрес бойынша қарау кезінде қажетті ақпарат бар керекті ақпараттық парақтың электрондық адресі енгізіледі. Бұл ж

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: