Анамызға мың алғыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

«Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
«Жан досым» әнін орындау
«Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
«Жан әке» әнін орындау
- Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен. Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғс. ) – ға сахабалары келіп
- Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек ?- деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағы да Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенде: - тағы да Анаға,- деді ; төртінші кімге дегенді:
- Әкеңе,- депті.
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: