қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар.
«Ұстазым» әнін орындау
Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір - бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
«Ата-анаға құрмет» видеоролигін көру
6
Ê
Ö
î
z
Ê
d
d
ž
Ø
Ú
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>