Анамызға мың алғыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Анамызға мың алғыс» тәрбие сағаты
Мақсаты: Ана мен әкені сыйлай біліп, оларды қадір тұтуға үйрету;
Отбасы - алтын ұя екенін түсіндіру арқылы оны сүйе білуге,
отбасы үшін талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Барысы: Өмірге ана- бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем,талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол- біздің елде ардақты адам- деп 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты «Анамызға мың алғыс» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңдер.
Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
Алда келе жатқан тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен сыныптағы қыздарды құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің
Қадыр Мырзаәлидің « Ана» туралы сөзі
«Ана махаббаты» видеоролигі
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: