r/>
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.
Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.
І топ: Шаян тобы
ІІ топ: Аққу тобы
ІІІ топ: Шортан тобы
Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері - қазіргі Қостанай облысының. Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы "Әліпби" оқулығын жазған. Оның "Қырық мысал", "Маса" деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған "халық жауы" деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.
А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын "Қырық мысал" деген кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі "Аққу, Шортан һәм Шаян" мысалы.
Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы - мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған "Бидай мен Қаңбақ" мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов - жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры - қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.
( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>