Ана тілі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Березовский кенті КММ " Пригород орта мектебі"
Сайфулин С. М.
"Ғұмырлы бол, ана тілім!"
"Кей-кейде дүниеден түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім"
(М. Мақатаев)
Тіл - адам өміріндегі басты байлық, тарихи, рухани құндылық , қарым - қатынас құралы. Тіл өзінше қалыптасқан заңдары, орныққан жүйесі бар қоғамдық құбылыс. Тіл қоғамдық ортада туып, қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғам үшін қызмет етеді. Тіл және оның сөздік құрамы талай заманның жемісі. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілі арқылы қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарын адам ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне жаратады , өйткені көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, таразылайды, болашағын болжайды, келешегіне жоспар құрады. Тіл арқылы халықтын өресін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады.

Тіл халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жан жақты дамытып отырудың көрінісі, кепілі. Себебі, біріншіден, ана тілі халқымыздың дүниеге келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты, ал екіншіден , ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие ала алмаған халықтың келешегі жоқ. Өйткені, ол халық біртіндеп тарих сахнасынан шығып қалады. Бала кезіннен қиялыңды қияға жеткізген ертегілер, тарихтан сыр шертетін аңыз-әңгімелер, ерлікті, өжеттікті дәріптейтін батырлар жыры ана тілде дүниеге келіп, әрбір адамға ана тілінде жеткен.


Ана тілінде тараған осындай халық мұраларын оқи отырып үлгі-өнеге аласың, жақсы мен жаманның аражігін ажырата біліп , одан сайын білімге құштарлығын артады. Тіл - ұлттың жаны , тірегі, тіл халықты жалғастырушы, ұлт бірлігінің қорғаны. Тіл - адамзат өміріндегі ең үлкен жетістік , табиғат сый

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: