деріне сағаттар бөлінген. Ал кейбір орыс ұлтының балалары қазақ сыныбында оқығанын да кездестіргенмін. Сонымен қатар, орыс сыныптары тек қазақ тілі сабағында ғана қазақша сөйлесе, қазақ сыныптары үзілісте орыс тілінде сөйлесе беретінін байқадым. Қазір өзіміз қолданып жүрген ұялы телефонда қазақтар тек орыс тілінде қолданады. Және де "В контакте", "What Sapp", "Instagram" сияқты әлеуметтік желілер де орыс тілінде. Бұның барлығы қазақ тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Меніңше, аралас мектепті жауып тек қазақ және тек орыс мектептерін ашу керек.
Себебі аралас мектеп болса орыс балалары қазақ балаларының таза қазақша сөйлеуіне кедергі жасайды. Тіпті аралас мектеп болғанның өзінде, орыс сыныптарында барлық пәнді қазақ тілінде оқыту керек деп ойлаймын. Сонымен қатар қалаларда қазақ атаулары аз. Алысқа бармай-ақ өзім тұратын Березовский кентін алайын. Мен оқитын мектептің атауы орыс тілінде. Және де мұнда Фестивальная, Мир, Центральная, Юбилейная, Школьная сияқты орысша аталған көшелер бар. Ал мен тұратын көшенің аты - Күнгей. Алайда қазақтардың көбі Кунгей деп жазып қойған. Қазақ тілінің дамуы үшін жалпы елде қазақша атауларды көбейту қажет деп ойлаймын.
ҚР президентінің "Жаңа Қазақстан жаңа әлемде" атты 2007 жылғы жолдауында Елбасы "Үш тұғырлы тіл" мәдени жобасын ұсынды. Сол жобаға сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі жаһандық экономика тілі болып саналады. Сондықтан қазақ тілімізді құрметтеу-Қазақстанды құрметтеу! Қазақстанды құрметтеу- қазақ халқын құрметеу! Қазақ халқын құрметтеу-өз ата-анаңды құрметтеумен тең. Қорыта келе, ана тіліміздің тізгіні өз қолымызда. Сол тізгінге намыспен ие болайық! Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері де "бір шаңыраққа қара
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>