Ана тілі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ы. Қазір арамызда туған тілін менсінбейтін, ана тілінде сөйлеуді ар көретін мәңгүрттер қатары көбейіп келеді. Туған тілді білмей тұра өзгеге қалай үлгі боламыз? Өз тіліңді сөйлеуден безіну ақ сүтін беріп, әлпештеген ананды құрметтемеумен бірдей емес пе? Орыстың талантты ақыны Паустовский " Туған тіліне жаны ашымаған адам бұл өмірде жәндік " деген екен. "Біз Отанымыздың патриотымыз" деп жалған сөйлейтіндер қазақша ойын жеткізе алмай шолақ тілмен сөйлеп тұрғанда , басқа ұлт өкілдерінің қазақша ән салып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысқанын көрсем көңіліме мұң ұялайды. Қазақ тілін қадірлемей, орысша сөзді сапырып тұрғандарға қарап Абайдың: Қайнайды қаның


Ашиды жаның Мінездерін көргенде, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Биылғы жылы ұлттық тілде оқытылатын мектептерде "Математика", "Биология", "География", "Физика" пәндері үш тілде оқытылатын болады. Әрине, бұл дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың нақты қадамы. Сонымен қатар біздің келер ұрпақ жан-жақты дамыған, зиялы адам болып шығуына өз үлесің қосады. Алайда, тиынның екі жағы болатыны сияқты, бұл заңның да пайдалы жағымен қатар зиянды жағы да бар. Егер бұл заң күшіне енетін болса, біздің келер ұрпақ үш тілді қатар меңгергенмен, қазақ тілі осы орыс және ағылшын тілінің көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін. Қазақ тілі бұл көштің басында тұруы қажет. Мәселені шешудегі өз ойымды айтып өтейін.

Қазақ тілін дамыту үшін алдымен таза қазақ тілінде сөйлеп, таза қазақ тілінде жазып, өлең айтып қысқасы қазақ тілін толықтай қолданысқа енгізуіміз қажет. Қазіргі кезде кейбір ата-аналар баларын қазақ бола тұра орыс тілін үйренсін деп, орыс сыныптарына береді. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі оқу бағдарламасында орыс және ағылшын тіл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: