Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тексерілді ДОІЖО
Мектеп: 148 мектеп-гимназия
Мерзімі:22. 04. 2016ж
Тақырып: Ана тілі - жүрек үні
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: шынайлылық, кішіпейілділік,махаббат
Мұғалiм: Ажахаева Н. Е.
Сынып: 8 "Б"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп, анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды ұғындыру;
Міндеттері:
- оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, кешірімшіл болу сезімдерін дамыту;
- адамзат баласының алдындағы үлкен парыз –ананы сүюге, кішіпейілділікке тәрбиелеу,
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Карточкалар, слайд, «Ана» жайлы мазмұнды видео т. б. )
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып,түгендеп, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін қайталаймыз. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, түгендейміз.
Шаттық шеңбері.
Тақтада үлкен жүрек ілініп тұрады. Оқушылардың алдында жүрек стикер жатады.
- Өмірде бала үшін ең маңызды адам кім? -деген сұрақ қойылады.
Оқушылар "ана" деп жауап беріп, аналарына деген ыстық сезімдерін стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған жүрекке барып жапсырып қояды.
Топқа бөлу
Оқушыларды "молекула" ойыны арқылы 4 топқа бөлемін. Әр топ топбасшысын сайлайды.
Үй тапсырмасын тексеру
"Ана - өмір тірегі" атты әңгімені оқып,талдап келу.
Тақтада әр топқа арналған сұрақтар жазылған карточкалар ілініп тұрады. Әр топтың басшылары карточканы алып топпен талқылап, кезекпен жауап береді. Сұрақтарға жауап берілген соң қалған топтар екі жұлдызша,бір тілек әдісі арқ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>