Ана өмірдің гүлі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім сыйлаған 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын. Бүгінгі "Ана өмірдің гүлі" атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Қошеметпен 10 "Балдаурен" ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
(әуенмен балалар ортаға кіріп, билерін билейді)
Хор "Ақ мамам" әні.
Жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың құттықтау таппақтарына берейік.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметпен,
Ән марданын ашайық. Алихан

Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам. Перизат

Сегізінші наурыз,
Келген кезі көктемнің.
Босап бақша-бауымыз,
Мұз, қар еріп кеткен күн. Мейіржан

Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Сегізінші наурызбен,
Құттықтаймын анашым. Данара
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы таппағым,
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде. Санжар
Көктем Ханшайымы: Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын сізге шашады.
Сәлеметсіздеме балалар! Мен көктем ханшайымы боламын! Мені сағындыңдарма балалар? Менде сіздерді сағынып асығып жеттім. (балалардың жауаптары)
Жүргізуші: Келіңіз төрлетіңіз Көктем Ханшайымы, бізде сізді асыға күттік, солай ма балалар? (ия) Көктем Ханшайымы балалар сізге таппақтарын айтып бергісі келіп тұр екен. Қанекей тыңдап көрелік.
Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар,
Ағып бара жатады. Нұрәлі

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: