ән шашуын қабыл алыңыздар.
Хор "Анашым" әні
Жүргізуші: Қанекей, балалар, аналарымызға арнаған таппақтарымызды айтайық.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін. Ақниет
Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын. Алихан
Қамқоршымда сенсің ана,
Сенсің ана ақылшым да.
Асыл ана өмір бойы,
Ұшамын мен саған қарай. Жансая
Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде. Дидарбек
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам. Мадина
Жүргізуші: Балалар аналарымызға көмектесемізбе? (балалар жауабы) Олай болса ойын арқылы тексеріп көрейік. Ойын "Анаға көмек". Шарты: екі қатарға 4 баладан шығады, 1ші бала алжапқышты тағып жерде тұрған мусорды жинайды, бірінші бала қайта жүгіріп келіп алжапқышты екінші балаға береді; екінші бала жүгіріп барып үстелге дастархан жаяды, қайта артына жүгіріп келіп үшінші балаға алжапқыщты береді; үшінші бала дастарханға гүлді қояды; төртінші бала ыдыста тұрған кәмпитті дастарханға қояды.
Жүргізуші: Ой балалар, балалар
Ойналық та күлелік.
Қане енді бұралып,
Би билепте берелік.
Би "Жігіттер"
Көктем Ханшайымы: Балалар мен кетейін. Мені тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, көріскенше!
Жүргізуші: Балабақшамыздың әдіскері Сарыева Жамал Абылқызына құттықтау сөзін береміз. (әдәскер сөйлейді)
Жүргізуші: Бұнымен балалардың өнері аяқталған жоқ. Балалардың ән шашуын қабыл алыңыздар.
Хор "Айгөлек" әні
Жүргізуші: Келіп жеткен көктемнің алғашқы мерекесімен тағыда сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Ертеңг
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>