жұлмаймыз.
Той күндері бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз. Бейбіт
Гүлім, гүлім өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, жасыл, сары боп. Темірлан
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады. Маржан
Көңілді өскен балауса
Шырқап әнге саламыз
Мерекеге Сән берер,
Әнде айта аламыз.
Хор "Көктем" әні
Жүргізуші: Көктем ханшайымы балалардың қалай ән айтатынын көрдіңіз, ендігі кезекте биін тамашалаңыз.
Би "Леди и Джентельмены"
Көктем Ханшайымы: Қандай керкмет, мен енді аналарыңды сынап көрейін. Аналарыңда сендер сияқты өнерлі ме, балалар? Ойын "Ән шырқайық". Шарты: 4 ана шығып, балалық шағындағы 1шумақ таппақ айтады. Сосын соны әр түрлі жанр түрлеріне салып әндетіп береді.
Көңілі кең, жүрегі мейрімді асыл әжелер, Кеудесі қазына, сөзі қасиетті алтын әжелер.
Енді балалардың әжелеріне арнаған таппақтарына кезек берейік.
Әжем менің, ақ әжем,
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем жан әжем,
Мейіріммен тербеткен. Алтынбек
Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шәй ішпесе қоюлап. Арай
Үйретесің сабақты,
Пісіресің тамақты.
Әжем менің асылғой,
Әжем менің батырғой. Құлнияз
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан. Ұлданай
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық "Чарльстон" биін.
Жүргізуші: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейрімді ғой керемет - дей отыра балалардың орындауында
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>