Ана - өмір шуағы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ










Педагог - дефектолог
Абылкайрова Айнур Бауржановна





2-наурыз 2016 жыл
Тақырыбы: "Ана-өмір шуағы"
Мақсаты:
Ананың құдіретті де, мейірімді жан екенін түсіндіру. Ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
Даналық сөздер: "Анаға қарап қыз өсер", ". . . Ана көрген тон пішер", "Қыз өссе,елдің көркі", "Анасын көріп қызын ал". шарлар, гүлдер, сыйлықтар, слайд, магнитафон.


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ана, Ана, Ана! Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді?
Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында, меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан, бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аялап ғұмыр кешу деп ұғамыз.
Балалар сахнаға шақырылады. "Көктем вальсі" биі
Жұлдыз:
Қуанышқа бөленетін халықпыз
Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8 Мартыңыз.

Құндыз:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.

Саят:
Мені жақсы көреді
Күндей күлі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: