Ана - өмір шуағы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

>Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал


oo Сөз кезегі кабинет меңгерушісіне беріледі.
Балаларға сыйлықтар таратылады.

Қымбатты аналар, аяулы арулар! Көгілдір көктемнің осынау шуақты күнінде сіздердің дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілейміз!


Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!!!





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: