Күні: 12. 02. 15 ж. Сыныбы: 8 "ә" Пән: өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Ана мейірімі
Мақсаты:
дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
ана жайлы ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру;
мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
анаға, қыз балаларға құрмет көрсету, сыйлай білу мәдениетін қалыптастыру
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- мейірбандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аналар туралы қанатты сөздер, видео материал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, тренинг.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу - құралдарын тексеру.
Мұғалім:
Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін "Ана мейірімі" атты ашық сабағымызды бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік бір ерекшелігі бар.
Ана
-Балалар, ал осы анаға деген махаббат сезімін барлық балалар сезінеді ма?
Өкінішке орай біздің кезімізде ана махабабатысыз, ана қамқорысыз қалған балалар да баршылық. Бірақ осы балаларды өз қамқорлығына алып оларға өзінің бар сүйіспеншілігін, махаббатын, мейірімділігін сыйлай білген жандар да бар.
- Ол кімдер деп ойлайсыңдар?
- Ия, дұрыс, ол осы "Өзін-өзі тану " рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 74 жасқа толып отыр. Бүгінгі сабағымыз "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан - салалы қайырымдылық қызметімен қатар туған күніне арналады.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>