Ана мейірімі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

Шаттық шеңбері
Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Сара Алпысқызы Назарбаеваға өздеріңнін ақ тілектеріңді жолдауларыңды сұраймын. Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды.
Ендеше балалар Сара Алпысқызы Назарбаева туралы бейнебаянға назар аударайық.

Топқа бөлу: 1-топ "Мейірім", 2-топ "Шапағат".
Үй тапсырмасын сұрау
Ендеше өткен сабақта үйге тапсырма берген болатынмын "Ана мейірімі" тақырыбына эссе жазып келуге. Оқушылар эсселерін оқиды.
Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.

Оқушылар жауабы:
Топтастыру









"Ана бейнесін" құрастыру. Яғни Ана кім? Ана қандай? сөзіне постер құру.
Жаңа ақпарат
"Ана" - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
"Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя".
"Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды".
Дәптермен жұмыс
Ақпаратта айтылған сөзді жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
Ана махаббаты не себептен бәрінен биік тұрады?
Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
"Ана жүрегі" бейнебаянын көру, талдау.
Сергіту сәті
Ырғақты әуенмен оқушылар бой жазу.
Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
"Мен үшін қымбат" Ой қозғау
Топпен жұмыс.
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Әр

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: