Коучинг жоспары
Коучингті өткізген: Турсунова Айман Қайроллақызы
Өткізген уақыты
01. 03. 2019ж
Сабақ тақырыбы:
"Қалыптастырушы, жиынтық бағалау- оқытудың тиімділігін арттыру құралы"
Жалпы мақсат:
"Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау" модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, әрі тәжірибесін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 58-64-б
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі
-мұғалімдердің қалыптастырушы бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады;
-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі;
-мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың рөлін түсінеді, өзін өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады;
Райанның 7 кілтін басшылыққа алады;
Түйінді идеялар:
"Бағалау" термині "жақын отыру" дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығын кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады Видео ролик көрсетіп, не түсінгендерін айтып,талқыға салады. .
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Коучинг жоспары,А- 4 парақтары,газет, стақан, скрепка,шар,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, бейневидеороликтер
Оқыту әдістері:
ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс
3. Кері байланыс
4. Бағалау критерийлері
Дерек көздері:
Әдеби материалдар, газет-журналдар,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>