дың бойында ұлттық сананы оятып,тәрбиенің негізін қайта құру бүгінгі күннің басты міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалар
түсінігенін,қабылдағанын,естігенін,көргенін,қиялын,ойын тіл арқылы жеткізеді.
Қоғамның қазіргі даму кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыруда,балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор. Этнопедагогика-жалпы педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканы халық педагогикасы деп атайды. Этнопедагогикалық тәрбие беру мақсатында көрнекіліктер ретінде киіз үй,үй жиhаздарын,ұлттық оюларды,ұлттық киімдерді ,зергерлік бұйымдарды пайдаланамын. Қазақ этнопедагогикасын балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде бес бағытта қарастырылып қолдануға болады. Олар қазақ балалар фольклоры,салт-дәстүрлер,ұлттық өнер,ұлттық ойындар. Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бастауы бесік жыры,тағы бірі ертегілер.
"Коммуникация" білім беру саласындағы "Көркем әдебиет","Сөйлеуді дамыту","Драма"ұйымдастырылған оқу-тәрбие қызметтерінде ертегілерді қолданамын. Ертегілер төрт топқа бөлінеді:хайуанаттар туралы ертегілер,қиял-ғажайып ертегілері,тұрмыс-салт ертегілері және аңыз әңгімелер. Мысалы;"Жыл басына таласқан жануарлар","Ақылды лақ","Төрт дос". Ертегілерді балалардың сөйлеуге қызығушылықтарын арттыруға,сөздік қорларын,тіл байлықтарын молайтуға,балаларды қарапайымдылыққа,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеуге қолданамын.
"Таным"білім беру саласында"Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру","Құрастыру","Жаратылыстану"ұйымдастырылған оқу-тәрбие қызметтерінде бөліктерді біріктіру арқылы ұлттық оюлармен көрпеше құрастыру.
"Шығармашылық&q
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>