Алтын сақа

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: "Алтын сақа"
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу, білімдерін тиянақтау, ана тілін сүюге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
1. Мерекенің басталуы
2. Әр топтың сәлемдесуі
3. Топтар сайысы
4. Өнер кезегі
5. Қорытынды
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Сіздерді бүгінгі тілдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге тек қана жақсылық тілеймін. Бүгінгі "Алтын сақа" сайыс мерекесін ашуға рұқсаь етіңіздер. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топ алдында көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.
Сәт-сапар тілейік!
1 кезең: "Сәлем беру"
Қазір біздің сайыскерлеріміз бір-біріне сәлем береді.
2 кезең: "Атадан балаға"
Әр топқа тапсырмасы ретінде қазақ халқының ұлттық ойындарын атаулары керек. Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.
3 кезең: "Сен білесің бе?"
Келесі берілетін тапсырмамыз қазақ халқының ұлттық заттары мен киім-бұйымдарын және ыдыстарын атау. Бұл кезеңде оқушылар кезекпен атаулары қажет.
4 кезең: "Сұрақтарға жауап бер"
Әр топтан бір-бір оқушыны шақырамыз. Оларға жіребені алғызамыз.
Сұрақтар:
1. Тіл туралы мақал-мәтелдерді атау
2. Қазақтың батырларын атау
3. Ұннан жасалған тағамдарды атау
4. Ұлттық салт-дәстүрлерді атау
Сайыскерлеріміз дайындалғанша, келесі кезекті қазылар алқасына береміз.
5 кезең: "Жеке тапсырма"
Ал келесі тапсырма мынадай болып келеді; әр топқа жеке-жеке тапсырма береміз.
1. Сүйінші қай уақытта сұрайды?
2. Жар-жар, беташар әндері қай тойда айтылады?
3. Қымыз қай малдың сүтінен дайындалады?
4. Түйенің сүтінен дайындалған сусынның аты қандай?

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: