алиппемен коштасу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

з сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
17-оқушы: Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам санатына кіргенім.
18- оқушы: Әлшіппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауаты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе ана тілі оқулығына аманат тапсырады.
Хор: «Қош бол сүйікті әліппем. »
1-мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай
меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

2-мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті
бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен таныламын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықта болмас тұрағым.
Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?
1-оқушы: Кітап-білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
2-оқушы: Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.
3- оқушы: Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4- оқушы: Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
5- оқушы: Оқу инемен құдық қазғандай.
6- оқушы: Білім іздеген озар,
Бүлік іздеген тозар.
7-оқушы: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
8- оқушы: Оқу- білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Би: Қыздар тобы.
Көрініс.
1-оқушы: Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
2-оқушы: Ана тілің- арың бұл
Ұятың

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: