алиппемен коштасу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың мақсаты:: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік
дағдыларын көрсету.
2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бет перде әріптер, ұлағатты сөздер, оқулықтарға арналған банерлер,
шарлар, гүлдер, слайд, фотомонтаж.
Сабақтың барысы:
1-мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.
2-мұғалім: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
1-мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
2-мұғалім: Бала деген шіркін-ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай
Арып –ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.
1-жүргізуші: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым
Сенері сендерсіңдерхалқымыздың.
2-жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
3-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу
үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.
4-жүргізуші: Алғаш қолымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: