ға гүл шоғын алып 37 мектептің табалдырығын аттап
өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді
өзіміз оқып та, жаза да аламыз.
1-жүргізуші: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
2-жүргізуші: Қызығып қарай бердім әріптерді.
3-жүргізуші: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
4-жүргізуші: Ұстазым кілтін оның алып берді.
Хор: «Мұғалім- ол біздің. »
1-мұғалім: Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан.
Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе.
2-мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық. Қане хормен:
Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе: Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың,
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Әліппенің сұрағы:
1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?
2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Хор: «Әліппе».
1- оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2-оқушы: Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
3-оқушы: Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық білім-ілімнің
Ағасы осы әліппе.
4-оқушы: Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
5-оқушы: Биік-биік таулар деп
Қызыл-жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп
Болашағы ғажап деп.
6-оқушы: Апа-ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
7-оқушы: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>