Алдар көсе екі топқа бөлініп балалармен бірге арқан тартысады.
Алдар көсе: Ал Байеке, сен өте жомарт екенсің, Әли-Бабаның ожауын саған сатпаймын, керсінше айырбастаймын. Сен маған жүйрік сәйгүлігіңді, ал мен саған сиқырлы ожауымды беремін. Келісесің бе?
Бай: Әрине келісемін. Әй Бәйбіше, менің ең жүйрік сәйгүлігімді алып кел. Міне, ал, ал маған ожауымды бер. (Алмасады, Бай ожауын құшақтап сүйеді).
Алдар көсе: Ал, қош сау бол . Менің қайтатын уақытым жетті. Наурыз мерекесін көңілді өткіз, сау болыңдар, балалар көмектеріңе рахмет. (Атпен кетіп қалады).
Бәйбіше: Ей, ақымақ, Алдар көсе сені алдап кетті. Осы наурызкөже мен дастарханға біздің барлық азык- түлігіміз кетті, ал ожау қарапайым ожау ғой.
Бай: Қалайша-"қарапайым"?
Бәйбіше: Иә, солай! Ал сен ол үшін жаңа шапаныныңды, жүйрік сәйгүлігіңді Алдар көсеге бере салдың.
Бай: Сен неге ертерек айытпайсың оны?
Бәйбіше: Менің айтқым келді, сен өзің емес пе, үндемей айтқандарымды орында деген.
Бай: Ойбай, масқара!
Жүргізуші: Бай ренжіме. Қарашы, Сенің үйіңде Наурыз қалай тамаша өтті, ойынмен, әнмен, бимен! Ал сенің дастарханың қандай мол! Ал Наурызға жайылған дастархан мол болса жыл бойы молшылық болады. Байеке, саған көп рахмет Шашу.
Залға түйемен Қыдыр ата(Илья) кіреді. Бата оқылады.
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Мерекенің соңы.
Страницы: << < 4 | 5 | 6