Мақсаты:
Балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату:
Абайды ұрпаққа айтқан нақыл сөздерін бойына дарыту, қарасөздер арқылы сөздік қорларын молайту:
 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
 Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
 
 2 - жүргізуші: Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген. Абай ауылда мұсылманша хат таныған әжесі Зеренің тәрбиесінде болып, аңыз әңгімелер тыңдап өскен. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең - жырларды халық ішінен үйренеді.
 
