жалгаса береді.
Алдар көсе: Ей , Бай, бері кел, иіскеп көрші, неткен хош иісті. Тек кішкене тары қосқанда наурыз көжеміз дәмдене түсер еді. . .
Бай: Бәйбіше, тезірек күріш, тары, арпа алып кел!
Бәйбіше: Сенің денің сау ма?
Бай: Мен саған не дедім, үндемей менің айтқанымды орында дедім ғой!
Бәйбіше: Жарайды-жарайды. (айтқанын орындайды)
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға ұш.
Қайнатамыз қоюлана түс.
Жүргізуші: Ал, Байеке, дәнді -дақылдар пісем дегенше біздің Карим өнерін көрсетпекші екен, соны тамашалайық!
Күй "Сарыарқа".
Алдар көсе: (дәмін көреді) Ох, наурызкөжеміз неткен дәмді! Тек кішкене құрт жетіспейтін сияқты. . .
Бай : Қазір болады. Ей, Бәбіше, құрт алып кел! (Бәйбіше құрт алып келеді)
Алдар көсе:
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға үш.
Қайнатамыз қоюлана түс.
Наурыз көжеміз әзір болды.
Бай: Ммм, қандай дәмді, ожауың неткен сиқырлы еді? Жай ғана судан бәрін өзі дайындап шықты. Мұндай дәмді наурыз көжені мен ешқашан жеген емеспін! Тыңдашы, маған ожауыңды сатшы, маған ол қатты ұнап қалды.
Алдар көсе: Жақсы, мен ойланып көрейін. Бірақ дастарханды толтыру керек емес пе, онда бауырсақ жоқ қой.
Бай: Қазір болады. Бәйбіше, бауырсағың мен тәттілеріңді шығар. (әйелі шығарады). Ал, енді сатасың ба?
Алдар көсе: Сататын шығармын, бірақ қандай бағаға сатарымды білмей отырмын.
Бай: Қалағаныңды сұра, сұрағаныңды беремін.
Алдар көсе: Сен маған жаңа шапан мен тақия берші, менікі жол бойы тозып кетті Бай: Ей, Бәйбіше, менің жаңа шапаным мен тақиямды әкел. (Әйел шыгарады)
Ал, енді ожауыңды сатасың ба?
Алдар көсе: Егер сен сайыста жеңсең сатамын.
Ойын: "Арқан тартыс" Бай мен
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>