Алаштың ұлы- Айдын Айымбетов

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

дын Айымбетов ұшқанда "Қолыңды бер, әке" деп Қызы Даянаның сезімімен жыр жолдарын газеттерге жариялаған еді. Тыңдап көрелік
Шақырып қиырсыз шартарап,
Алдыңнан ұсынды төте сын.
Ел-жұртың тұр, әне, алқалап,,. .
Құрметке лайықсың , әкешім!


2- жүргізуші Сәрсенбінің сәтінде зеңгір көкке самғаған Айдын Айымбетов қасиетті Жер-Анаға тура он күннен кейін аман-есен оралды.
1- жүргізуші Дәлірек айтсақ,12 қыркүйек күні таңғы 06. 51-де Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта үш ғарышкердің табаны жерге тиді. Арқа даласына түскен ғарыш капсуласынан күлімдеп үшінші қазақ ғарышкері шықты. Ғарышта он сатылы ғылыми зерттеу жүргізіп, радиация деңгейін анықтап қайтқан жетісулық ұщқыш дін аман.
2- жүргізуші . Жұлдыздарға жол салған қазақ жігітін үлкен ұлы Әмір мен екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев бірінші болып құшағына қысты. Айдынның жанында даниялық астронавт Андрес Могенсен мен ресейлік танымал ғарышкер Геннадий Падалка бар еді. Осылай аспан әлеміне көз тіккен тағы бір сапар сәтті аяқталды!
Осы сәтте Айдынның жерге қону сәтінен шағын бейнекөріністі тамашалаңыздар!
1- жүргізуші Жерге түскендегі Айдынның бірінші айтқаны:"Біз жерге сәтті қондық. Оның үстіне туған жерім маған ерекше күш-қуат берді. Мен мұнымен шектеліп қалмаймын. Болашақта ғарыш саласындағы жұмысымды ары қарай жалғастырамын. " деген сөз еді. Ендеше Жұмыр жердегі жұмысыңа да біз де сәттілік тілейміз,ғарышкер аға!
2- жүргізуші Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы: Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы"атағын беру туралы. Қаулы етемін:Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: